Қаржылық жүйе қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара аудандық Мәдениет үйінде өтті

Қаржылық жүйе қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара аудандық Мәдениет үйінде өтті

Іс-шараға ауданның мемлекеттік органдары мен ұйымдары өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Дарын Сабырғали қаржы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, қаржылық тәртіпті қамтамасыз етудегі және бюджет процесінің ашықтығын арттырудағы олардың маңызды рөлін атап өтті. Табысты және адал еңбегі үшін аудан әкімі аудандық мәслихаттың бас маманы – бас есепшісі Олжас Хастаевты марапаттады.

Салтанатты бөлім мәдениет үйі ұжымдарының концерттік бағдарламасымен қорытыланды. Шығармашылық ұжымдар көрермендерді жарқын вокалдық және би нөмірлерімен қуантып, Отан мен оның халқын дәріптейтін патриоттық әндер мен композицияларды орындады.