
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 03 қарашада сағат 10-00 де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс елу екінші сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 271/35-8 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.
2. Целиноград ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспарын бекіту туралы.
Ақпарат беруші: Абуов Омар Сейсултанович, «Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар: (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru
Целиноград аудандық
мәслихатының төрағасы Л. Конарбаева