Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, бірлік пен берекенің нышаны. Республика күні – халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, өз тағдырын өзі айқындаған тарихи сәтті еске салатын ұлық күн.

Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбасылық амандық және еліміздің гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз.

Тәуелсіз еліміздің абыройы асқақтап, жерімізде бейбітшілік пен келісім мәңгі орнасын!

 

Ізгі тілекпен,

Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы мен депутаттық корпусы