
20 қазан күні Целиноград ауданы әкімдігі ғимаратында аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияда депутаттар ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. Целиноград аудандық мәслихатының 2025-2027 жылдарға арналған ауыл, ауылдық округтердің бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (Жаңаесіл, Қабанбай батыр, Ақмол, Мәншүк Мәметова, Қараөткел, Талапкер, Қоянды, Қызыл суат, Тасты).
Бұл мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Анар Беркеева баяндама жасап, бюджетті нақтылау ауылдық аймақтардың басым бағыттарын тиімді қаржыландыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
2. Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы
Ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Камила Жетпісбаева жаңартылған комиссия құрамын таныстырып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және тұрғындармен өзара іс-қимыл шаралары жөнінде баяндады.
Сессия іскер және конструктивті жағдайда өтті. Депутаттар бюджеттерді нақтылаудың және комиссиялар қызметін жетілдірудің өзектілігін атап өтіп, қабылданған барлық шешімдердің аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталғанын жеткізді.