Ауданның депутаттары мен тұрғындары назарына! «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 20 қазанда сағат 15-00 де аудан әкімі аппаратының (Ақмол ауылы) мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:  

  1. Целиноград аудандық мәслихатының 2025-2027 жылдарға арналған ауыл, ауылдық округтердің бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (Жаңаесіл, Қабанбай батыры, Ақмол, Мәншүк Мәметова, Қараоткель, Талапкер, Қоянды, Қызыл суат, Тасты).

Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

  1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.

Ақпарат беруші: Байдильдина Жанар Еркиновна, «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Басқа сұрақтар.

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді Целиноград аудандық мәслихатына жазбаша, электрондық және ауызша түрде төмендегі телефон бойынша жолдаңыздар:    (8-716-51) 30-165, 30-501, электрондық мекенжай – celin_maslihat@mail.ru