
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Алибек Жұматайұлы Сүлейменовтың төрағалығымен Целиноград ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс жұмысына әкімнің орынбасары А.А. Нұртазин, Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Л. А. Қонарбаева, Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, полиция, білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық қызметтер өкілдері қатысты.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» Целиноград аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы А. А. Қызылова баяндама жасады.
«2025-2026 жылдарға арналған жылу маусымына аудан нысандарын дайындау туралы» екінші мәселе бойынша тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы М. М. Саматов, «Целиноград коммуналдық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Е. С. Бибеков, Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С. А. Ысқақов, сондай-ақ әкімшілік-аудандық емхананың шаруашылық бөлімінің басшысы Р. Б. Оразбаев баяндамаларын ұсынды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары М. О. Смағұлова «2025 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау барысында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы» үшінші мәселе бойынша баяндама жасады.
Күн тәртібінің «Целиноград ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2025 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы» туралы төртінші мәселесі бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы С. А. Тайтөлеуова сөз сөйледі.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері талқылауға белсенді қатысты, баяндамашыларға сұрақтар қойып, қажетті түсініктемелер алды.