Целиноград ауданында дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Жиында өткен оқу жылының қорытындылары шығарылып, жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Конференцияға аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы, аудандық мәслихат төрағасы Лязат Қонарбаева, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова, мектеп директорлары, мұғалімдер мен ардагер-педагогтар қатысты. Кеңес барысында педагогтар тәжірибе алмасып, білім сапасын арттыруға арналған жаңа идеяларды ортаға салды. Жиын соңында ауданның үздік ұстаздары еңбектері үшін марапатталды.