20 тамыз күні Бурабай ауданының Щучинск қаласында Ақмола облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер және өңірдің индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының, сондай-ақ Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру кеңесінің бірлескен отырысы өтті.
Отырыста аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия мүшелері – депутаттар, сондай-ақ Бурабай аудандық мәслихатының депутаттары қатысты.
Жиын барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Ақмола облысының туристік саласының қазіргі жағдайы мен даму келешегі, сондай-ақ өңірдің инфрақұрылымын жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жобалар талқыланды.
Бағдарлама аясында инфрақұрылымды қайта құру және дамыту жобалары таныстырылып, Щучинск пен Бурабайдың маңызды нысандарына бару ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мультимедиялық интерактивті кешен, қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық дайындық орталығы, демалыс аймақтары және басқа да әлеуметтік-экономикалық нысандар көрсетілді.
Мұндай кездесулер өкілдік органдардың қызметін үйлестіруге, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және облыстың тұрақты дамуына бағытталған шешімдер қабылдауға ықпал етеді.