Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:
- Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі, әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп, депутаттық өкілеттіктер және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың құрамы мен төрағаларын сайлау;
- Аграрлық мәселелер, мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу;
- Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның жеке құрамын бекіту;
- Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің жеке құрамын бекіту.
3 және 4-мәселелер бойынша "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Амангелді Бақытбекұлы Ахынов баяндамамен сөз сөйледі.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.