Аудандық мәслихат төрағасы Лязат Қонарбаева «АМАNАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасын іске асырылуы бойынша тыңдауға қатысты

Аудандық мәслихат төрағасы  Лязат Қонарбаева «АМАNАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасын іске асырылуы бойынша тыңдауға қатысты

       «АMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасын іске асырылу бойынша партияның аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған партиялық жобалардың негізгі бағыттары бойынша тыңдау өтті.

        Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы қатысып, партия өкілдері, атқарушы билік пен депутаттық корпус арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Жиналыс барысында әлеуметтік нысандар құрылысына, ауыл медицинасын дамытуға және білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелер қаралды.

        Белгіленген іс-шараларды іске асыру мониторингіне және жергілікті жерлерде халықпен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Төраға Жол картасын іске асыру жөніндегі жұмыс депутаттардың тұрақты бақылауында екенін атап өтті.