Бұл күн – халқымыздың біртұтастығын, тәуелсіздігімізді, елдігімізді айқындайтын айрықша мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтары мен мәртебелі нышандары.
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әр азаматтың қасиетті парызы.
Біз үшін бұл – Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың белгісі, ел болашағына қосқан үлесіміздің көрінісі.
Осы мерекелі күні баршаңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Тәуелсіз еліміздің рәміздері – әрдайым биікте желбірей берсін!