Отырысқа Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Д.С., аудан әкімінің орынбасары Ж.Т.Толқынбек., Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Рахимжанов М.Х., "AMANAT" партиясы Целиноград аудандық филиалының төрағасы Ашебеков С.К., аудандық мәслихат депутаттар, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, аудандық газеттердің қызметкері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
- 2024 жылға арналған ауылдар, ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
Баяндамашылар:
Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы, Целиноград ауданының әкімі
Рахимжанов Мурат Хабделмаликович, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі
Абдрахманова Динара Бигельдиевна, Целиноград аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
- Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 271/35-8 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Беркеева Анара Серикбаевна, «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндетін атқарушы басшысы.
- Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 129/16-6 «Целиноград ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Ахынов Амангельды Бакитбекович, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Ахынов Амангельды Бакитбекович, «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 302/37-8 «Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Муратова Эльмира Нураловна, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.
- Целиноград аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 02 желтоқсандағы № 266/34-8 Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат беруші: Муратова Эльмира Нураловна, «Целиноград ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.
- Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы