Құрметті Ляззат Амангелдіқызы!
Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі шаттыққа толы мерекеңізде Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметте толағай табыстар, бар жақсылықты тілей отырып, әр күніңіз арайлы да шуақты болсын демекпіз!
Өнегелі өмір жолыңыздың тағы бір биік белесіне көтеріліп, білім саласымен қатар бірнеше абыройлы қызметтерде айтулы жетістіктерге жеткен Сіздің адамгершілік қасиеттеріңізбен біліктілігіңіз өзіңізден кейінгі буынға үлгі екені сөзсіз. Сіз осы өмірдің бір белесі, шағыңызға үлкен абырой, тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Азаматтық болмысыңыз бен бойыңыздағы күш-қуат, жауапкершілігіңіз арқылы алдағы уақытта да бағындыратын асуларыңызға талмай жететініңізге кәміл сенеміз.
Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, әріптестеріңіздің сенімі, отбасының ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін.
Адал еңбекпен ұштасқан әр сәтіңіз қуаныш сыйлап, ел игілігі жолындағы еңбегіңізбен жемісті нәтижелерге қол жеткізетін әр жылыңыз жақсылыққа толсын!
Отбасыңызға береке, қызметіңізге табыс тілейміз!
Құрметпен,
Целиноград аудандық мәслихатының аппараты