Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Ж.З. Сыздықованың төрағалығымен Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында "Бурабай ауданының ТҮКШ және ТҮИ бөлімі" ММ бас маманы Р.Т. Сейтқазының "ПИК жұмысы туралы", "Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысы Г.А. Тналинованың «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы», Бурабай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің басшысы А. Х. Джагипарованың "2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау туралы" ақпараттары тыңдалды.

Сондай-ақ, "Бурабай ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" аудандық мәслихат шешімінің жобасы талқыланды.