
Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының ХХІX (кезектен тыс) сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Бурабай ауданы әкімінің орынбасары С.Нұрғазин, Бурабай ауданы прокурорының орынбасары Е.Қалымов, Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л.Сүлейменова және Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Амантай қатысты.
Депутаттар баяндамшылардың ақпаратын тыңдап, талқылай келе «Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында ауданы 10,0 га учаскеде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзетуді бекіту туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 09 қазандағы № 8С-22/10 шешімінің күшін жою туралы және Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы бірауыздан шешім қабылдады.