Бурабай аудандық мәслихатының жанындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Т.К. Джапаровтың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының жанындағы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

"Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ бас маманы Л.М. Искакованың ақпаратын тыңдап және талқылап, Комиссия "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес, "Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы" шарттардың 4 жобасын мақұлдап, аудандық мәслихат сессиясында келісу үшін Бурабай аудандық мәслихатқа жіберу жөнінде шешім қабылдады.