Ақмола облыстық мәслихатының тоғызыншы (кезекті) сессиясы өтті

Ақмола облыстық мәслихатының тоғызыншы (кезекті) сессиясы өтті

Бүгін Бурабай аудандық мәслихаттың төрағасы М.Б. Нұрпанова сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының тоғызыншы кезекті сессиясының отырысына қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Ақмола облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі болды. Депутаттар алдында облыс әкімінің м.а. Елдос Рамазанов сөз сөйлеп, өңірдегі ағымдағы жағдай және облыстың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары туралы ақпаратты баяндады.

Сессия барысында «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», Ақмола облысын басқару схемасын бекіту туралы шешімдерге өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, депутаттар «Ақмола облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешімді бекітті, Ақмола облысы әкімдігінің, бюджеттік және жер комиссияларының дербес құрамдарына келісім берді.