Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

21 қыркүйекте Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Ж.М. Төлегеновтың төрағалығымен өткен Бурабай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.

Отырыс барысында "Мектепке жол" аудандық акциясының қорытындысы мен тағы басқа мәселелер қаралды.

Отырысқа комиссияның тұрақты мүшелері: аудан әкімдігінің өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Бурабай аудандық мәслихатының депутаттары қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандарға қатысты ағымдағы проблемалар мен олардың құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар талқыланды.

Кәмелетке толмағандарға және олардың құқықтарын сақтауға қатысты үш іс қаралды, ата-аналарға өз міндеттерін орындау бойынша ұсыныстар берілді.

Барлық қаралған істер бақылауға алынды.