Бурабай аудандық мәслихатының VІІІ сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының VІІІ сессиясы өтті

Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының VІІІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына Бурабай ауданының әкімі А.Садықов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның Қоғамдық кеңестің мүшелері, Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, күш құрылымдары мен аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. «Аудан әкімінің «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есеп беруі туралы»;
  2. «Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/1 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  3. «Бурабай ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Бурабай аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 7С-12/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
  4. «Бурабай аудандық мәслихатының Бурабай кентінің және Бурабай ауданының ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»;
  5. «Бурабай ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы»;
  6. «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселелер туралы».

Аудан әкімінің есебі бойынша депутаттар ұсынылған есепті бекіту туралы шешім қабылдады.

Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер тыңдалып, олар бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.