Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Т.Қ. Жапаровтың төрағалығымен келесі күн тәртібімен Бурабай аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті:
1) "Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының Бурабай ауданындағы жолдарды жөндеу жөніндегі есебі туралы";
2) "Бурабай аудандық мәслихатының Бурабай кентінің және Бурабай ауданының ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы".
Отырыс жұмысына Бурабай ауданы әкімінің орынбасарлары, Щучинск қаласы, Бурабай кенті және Бурабай ауданы ауылдық округтерінің әкімдері, Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қатысты.
Бурабай ауданының автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Е. Жарасов Бурабай ауданындағы жолдарды жөндеу бойынша есеп берді.
Сондай-ақ, аудан және ауылдық округтердің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Тналинова мен Бурабай кентінің, ауылдық округтердің әкімдері сөз сөйледі.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары қойған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Отырыс соңында аталған мәселелер бойынша мәслихат комиссиясының қаулысы қабылданды.