Бурабай аудандық мәслихат төрағасы М.Б. Нұрпанова Щучинск қаласының тұрғыны А.А.Долженконы қабылдады. Қабылдау барысында тұрғын үй кезегі мен жұмысқа орналасу мәселелері қаралды. Мәселе бойынша Бурабай ауданының құзырлы бөлімдері басшыларының қатысуымен заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріліп, шешімнің оңтайлы жолдары түсіндірілді.