ХІІІ (кезектен тыс) сессия өтті

ХІІІ (кезектен тыс) сессия өтті

Бүгін онлайн режимінде ZOOM қосымшасы арқылы жетінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының ХІІІ (кезектен тыс) сессиясы өтті. Отырысқа экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Е.И. Жукова төрағалық етті.

Бурабай аудандық мәслихаттың ХІІІ (кезектен тыс) сессиясының отырысында келесі мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды:

  1. «Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-70/1 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы»;
  2. «Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/9 «Бурабай ауданының Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».