Депутаттар жатақханаларда рейд өткізді

Депутаттар жатақханаларда рейд өткізді

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты К.Е. Антонюкпен бірлесе Бурабай аудандық мәслихатының депутаттары: Д.Ш. Сұрағанов және О.Б. Нұрмағамбетов Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі мен Жоғары педагогикалық колледжінің жатақханаларында партия ұсынысы бойынша келесі мәселелерді анықтаудан рейд өткізді:

  1. Қанша студент жатақханаға мұқтаж және олардың қаншасы қамтамасыз етілген;
  2. Жатақханада бақылау-өткізу режимі орнатылған ба?
  3. Жатақхана аумағында Wi-Fi интернет орнатылған ба?
  4. Жатақхана ішін және айналасын тазалаудың тұрақтылығы;
  5. Жатақхана ішін және айналасын тазалау сапасы;
  6. Жатақхана әкімшілігі төсек-орын жабдықтарын уақытылы ауыстыруды, жууды және дезинфекциялауды қамтамасыз ете ме?
  7. Әр қабатта қосалқы және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар бар ма (дәретханалар, жуыну бөлмелері, кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, ортақ асүйлер).