Бесінші (кезектен тыс) сессияның жалғасы

Бесінші (кезектен тыс) сессияның жалғасы

2021 жылғы 30 наурызда жетінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихаттың бесінші (кезектен тыс) сессиясының жалғасы өтті. Сессияны ашып, жүргізген Бурабай аудандық мәслихаттың депутаты – Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы.

Сессияның күн тәртібінде «Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында, Щучье көлі жағалауының демалыс базасы, шығыс бөлік, 46А учаскесі, алаңы 7,0 га жер учаскесіне егжей-тегжей жоспарлау жобасын әзірлеуді бекіту туралы» мәселесі қаралып, депутаттар бірауыздан қолдады.