
Бурабай аудандық мәслихатының ХLVІІI (кезектен тыс) сессиясы өтті. Сессия жұмысына Бурабай кенті мен ауылдық округтердің әкімдері және дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде: 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке, 2026-2028 жылдарға арналған Бурабай кентінің және Бурабай ауданының кейбір ауылдық округтерінің бюджеттеріне, Бурабай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізіліп, Бурабай ауданында шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін, «Бурабай аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер тыңдалып, олар бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.