Бурабай аудандық мәслихатының XLV сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының XLV сессиясы өтті

Бүгін сегізінші шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының XLV сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Жандос Болатұлы Жүнісов, Бурабай ауданының әкімі Арай Серікбайұлы Садықов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры, Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтердің әкімдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия барысында 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің, сондай-ақ Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер қаралды.

Сонымен қатар, 2026–2030 жылдарға арналған Бурабай ауданының даму жоспарына өзгерістер енгізу, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын жетілдіру, ауданның жайылым жерлерін басқару және пайдалану жоспарын бекіту мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Нәтижесінде күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Қабылданған шешімдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.