Бурабай аудандық мәслихатының XLIV (кезектен тыс) сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының XLIV (кезектен тыс) сессиясы өтті

Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының XLIV (кезектен тыс) сессиясын өтті.

Сессия жұмысына Бурабай ауданы әкімінің орынбасары С.Т.Нұрғазин, Щучинск қаласының, ауылдық округтердің әкімдері және Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.А.Тналинова қатысты.

Отырыста депутаттар Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.А. Тналинованың, сондай-ақ Щучинск қаласы, Бурабай кенті және ауылдық округ әкімдерінің бюджеттерді нақтылау мәселелері бойынша ақпараттарын тыңдап, талқылады.

Сессия барысында бюджет қаражатын тиімді бөлуге, әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына және аудан инфрақұрылымын одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды. Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.