
Бурабай ауданында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес төрағасы А. Абдрахмановтың жетекшілігімен өткен жиында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде:
🔹 Су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау мәселесі талқыланды. Бұл бойынша Бурабай аудандық ТЖБ аға инженері Арлан Нұрланұлы Мурзақаев баяндама жасады.
🔹 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қаралды. Бұл мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімі өкілі Мерейім Амангелдіқызы Әжібаева ақпарат берді.
🔹 Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы ұсынылып, бекітуге жіберілді.
Отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.