Бурабай аудандық мәслихатының ХLIІ сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының ХLIІ сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының ХLIІ сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлімдердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібі аясында Щучинск қаласының әкімі А. Мұхамеджановтың «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы» есебі тыңдалды. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Сонымен қатар, Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Тінәлинова «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімге өзгерістер енгізу жөніндегі баяндама жасады.

Бұдан бөлек, сессия барысында Бурабай ауданы әкімдігінің дербес құрамы келісіліп, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.