
Бурабай аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті
Отырыс аудандық мәслихат депутаты Т. Джапаровтың төрағалығымен өтті. Күн тәртібі аясында депутаттар Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Г. Т. Амринаның есебін тыңдады. Есепте 2025 жылы мәдениет нысандарын жөндеу және салу жұмыстарының қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарлар таныстырылды.
Сонымен қатар, «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімге өзгерістер енгізу жөніндегі жоба қаралды. Аталған жобаны ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. А. Тналинова таныстырды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар толық жауаптар алды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.