
Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына өтті.
Отырыста Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтырулар бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтіліп, тұрғындарға түсіндіру ісін күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, депутаттардың өз сайлау округтерінде депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыруы және сайлауалды бағдарламаларын орындауы жөніндегі есептері тыңдалды. Атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды.
Мұндай отырыстар халықпен кері байланысты нығайтуға және қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.