
Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының XXXIX сессиясының жалғасы өтті.
Сессия барысында Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және Бурабай ауданының ауылдық округтері әкімдерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту туралы баяндамалары тыңдалып, жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, Бурабай ауданы елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту, жер салығы мен салық мөлшерлемелеріне түзетулер енгізу мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, ауданда автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және олар үшін бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкаларын ұлғайту, сондай-ақ Бурабай ауданында тұрақты қызмет ететін ведомствоаралық терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы бекітілді.
Сессияда 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеттің Щучинск қаласы, Бурабай кенті және Бурабай ауданының кейбір ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы да ұсыныстар қаралды.
Күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан тиісті шешімдер қабылдады.