Бурабай аудандық мәслихатының ХХХІХ сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының ХХХІХ сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының ХХХІХ сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Бурабай ауданының әкімі Садықов Арай Серікбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлімдердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. 

Сессия барысында 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы және Бурабай ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Тінәлинованың баяндамасы тыңдалды.

Сондай-ақ, күн тәртібінде аудандық мәслихат аппаратының 2026 жылға арналған құрылымы мен штаттық саны, Бурабай аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, кезекті сессиясының күн тәртібіндегі негізгі мәселе, ХХХІХ сессиясының жұмысында 2025 жылғы 24 желтоқсанға дейін үзіліс жариялау туралы шешім қабылданды.