Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Т. Жапаровтың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыс жұмысына Щучинск қаласы әкімінің орынбасары Т.Таев, Бурабай кенті әкімінің орынбасары Б. Абдуллин, Бурабай ауданының ауылдық округтерінің әкімдері, сондай-ақ Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Тінәлинова қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Тінәлинова «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» және «Бурабай ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешім жобалары бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және Бурабай ауданы ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері талқыланды. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Сондай-ақ, Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2026 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша аталған мәселелерге қатысты мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулылары қабылданып, шешім жобалары сессия отырысына бекітуге ұсынылды.