Бурабай аудандық мәслихатының ХХХVІІІ (кезектен тыс) сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының ХХХVІІІ (кезектен тыс) сессиясы өтті

Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының ХХХVІІІ (кезектен тыс) сессиясы өтті

Сессия жұмысына Бурабай ауданы әкімінің орынбасары С.Т.Нұрғазин, Бурабай ауданының дербес бөлімдерінің басшылары, Бурабай кенті мен ауылдық округітердің әкімдері, Бурабай ауданының дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде депутаттармен Бурабай аудандық мәслихатының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы, Бурабай кентінің бюджеті туралы, Зеленобор, Қатаркөл, Кенесары, Ұрымқай, Успеноюрьев ауылдық округтерінің бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы шешімдер бекітілді.

Сондай-ақ, 2026 жылға арналған Бурабай ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы, Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы, Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы мәселелері қаралып, бірауыздан мақұлданды.