
Бүгін Ж.Сыздықованың төрағалығымен Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында «2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы» мәселесі бойынша Бурабай ауданыны әкімінің орынбасары Б.Молдахановтың есебі мен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жай-күйі туралы бөлім басшысының орынбасары Е.Кочкинаның ақпараты тыңдалды.
Сонымен қатар, «Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін төмендету туралы» нормативтік құқықтық актісінің жобасы талқыланды, Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы қызметі бойынша Ж.Сыздықованың есебі тыңдалып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы бекітілді.
Отырыста айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Қоғамдық кеңес жұмысы - тұрғындар мен билік арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің маңызды құралы.