
Бурабай аудандық мәслихат төрағасы М.Нұрпанова Щучинск қаласының Боровская көшесіндегі № 85 үйдің тұрғыны Ю. Зоринді жеке мәселесі бойынша қабылдады.
Қала тұрғыны өз үйінің алдындағы ағаштың қауіпті жағдайда екенін хабарлады. Аталған ағаштың құлау қаупі бар және тұрғындардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.
Бұл мәселе бойынша тиісті коммуналдық қызметтерге ақпарат берілді. Жақын уақытта ағашты кесу немесе қауіпсіз ету бойынша қажетті шаралар қабылданады.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігі - біздің басты назарымызда.