
Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының XXXVI (кезектен тыс) сессиясы өтті. Сессия жұмысына Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Б.Молдаханов, Бурабай кенті мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ ауданның дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.
Отырыста депутаттар әлеуметтік көмек көрсету мен жекелеген азаматтар санаттарын қолдау мәселелерін, шағын бизнес субъектілері үшін салықтық жүктемені төмендету, аудан әкімдігі құрамын нақтылау, учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру, сондай-ақ 2025-2027 жылдарға арналған жергілікті бюджеттерге өзгерістер енгізу мәселелерін қарастырды.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан бірауыздан мақұлданды.