
Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Т.Джапаровтың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында аудандық мәслихат депутаттары «Ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тазарту және кәріз жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстар кешенін орындау барысы туралы» Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Б.Молдахановтың есебін тыңдады.
Сонымен қатар, Бурабай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы А.Жапаровтың «Бурабай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін төмендету туралы» Бурабай аудандық мәслихатының шешімінің жобасы талқыланды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттарының сұрақтарына тиісті жауаптар берілді. Отырыс соңында аталған мәселелер бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулылары қабылданды.