Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бурабай ауданында болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бурабай ауданында болды

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ақмола облысының Бурабай ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында олар бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, өңірдің даму барысымен танысты.

Сенаторлар Катарколь ауылындағы мәдениет үйі, сондай-ақ Щучинск қаласындағы №1 жылу қазандығына барып, жұмыс жағдайымен танысты. Сонымен қатар, Шиелі мен Атамекен ауылдарындағы су құбыры мен көше жарығын орнату жұмыстарының барысы қаралды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, комитет төрағасы Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Ақмола облысының және Бурабай аудандық мәслихатының депутаттары қатысты. Көшпелі отырыста жаңартылған Бюджет кодексі аясында бюджет процесін іске асыру мәселелері талқыланды.

Жиында:

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Бюджет кодексіндегі негізгі өзгерістер туралы;

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов өңірлік бюджетті қалыптастырудағы өзекті мәселелер туралы;

Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов аудан және ауыл деңгейіндегі бюджеттік үдерісті іске асыру тәжірибесі жөнінде баяндама жасады.

Талқылау барысында Ақмола облысы және Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарымен жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелер көтеріліп, орталық және өңірлік билік өкілдері бірлесіп шешу жолдарын ұсынды.

Мұндай кездесулер – орталық пен жергілікті билік арасындағы диалогты нығайтып, өңірлік саясаттың тиімді жүзеге асуына ықпал ететін маңызды алаң. Сенаторлар тиімді бюджет саясатын қамтамасыз ету үшін осындай тығыз ынтымақтастық қажет екенін атап өтті.