Бурабай аудандық мәслихатының ХХХІV сессиясы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының ХХХІV сессиясы өтті

Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының ХХХІV сессиясы өтті

Сессия жұмысына Бурабай ауданының әкімі А.Садықов, аудан әкімінің орынбасары С.Нұрғазин, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері, Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, күш құрылымдары мен аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның негізгі мәселесі аудан әкімінің «Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» есебі тыңдалды.

Әкімнің есебінде өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына терең, жан-жақты талдау жасалды. Онда аудан әкімдігінің және оның командалық буынының Бурабай ауданының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған жұмысы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Болашаққа деген мақсаттар мен міндеттер анықталды.

Қосымша баяндамашы ретінде Бурабай аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі - Табулдин Арман Ғизатұлы сөз сөйледі.

Депутаттар аудан әкімінің есебін бекіту мәселесі бойынша бірауыздан шешім қабылдады және оған және оның командасына қойылған барлық міндеттерді орындауда табыс тіледі.

Сондай-ақ, бекітілген күн тәртібіне сәйкес мәслихат депутаттары ауданның, Бурабай кентінің, Успеноюрьев ауылдық округінің  бюджетіне өзгерістер енгізу туралы, Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Бурабай ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы, Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы және Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.