Бурабай ауданының тұрақты комиссиялары мен Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті

Бурабай ауданының тұрақты комиссиялары мен Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті

Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Т.Қ. Жапаровтың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары мен Бурабай ауданының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысын өтті.

Отырыс барысында «Жаңа тұрмыс» ЖШС директорының орынбасары С.А. Хасеновтың «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй қоры объектілерінің жылыту маусымына дайындық барысы туралы» және Бурабай ауданының білім бөлімінің инженері А.З. Сыздықовтың «Бурабай ауданы бойынша білім беру ұйымдарында жылыту маусымын ұйымдастыру және өткізу туралы» есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, «Бурабай аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Бурабай аудандық мәслихатының Бурабай кентінің және Бурабай ауданының Успеноюрьев ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»; «Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Бурабай ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы» шешімдерінің жобалары қаралып, сессияға бекітуге енгізу туралы шешім қабылданды.

Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша депутаттардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді. Отырыс соңында аталған мәселелер бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулылары қабылданып, ұсыныстар жасалды.