Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Т.Қ. Жапаровтың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Щучинск қаласы әкімінің міндетін атқарушы Д. А. Отарбаев, Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Қ. Қалымов қатысты.
Отырыс барысында Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Е.Қ. Қалымовтың және Щучинск қаласы әкімінің м.а. Д.А. Отарбаевтың «Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың жергілікті маңызы бар автожолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру туралы» есептері тыңдалып, талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және Щучинск қаласының әкімдігіне бірқатар ұсыныстар беріліп, тиісті шараларды қабылдау тапсырылды.
Бұл шаралар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және жол-көлік инфрақұрылымының жай-күйін жақсартуға бағытталған.