Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының ХХХІІІ (кезектен тыс) сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары С.Нұрғазин, Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е. Михалкин, дербес бөлімдердің басшылары, Щучинск қаласы әкімінің орынбасары А. Омаров және Урумкай ауылдық округінің әкімі Ж. Оспанов қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
▪2025-2027 жылдарға арналған аудандардың, қалалардың және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу;
▪ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет, спорт, әлеуметтік сала мамандарына 25% үстемеақы белгілеу;
▪2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерін бекіту;
▪ "Бурабай аудандық мәслихат аппараты "мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 маусымдағы № 8С-4/6 шешімін күші жойылды деп тану;
▪кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу.