Бурабай аудандық мәслихат төрағасы М.Б.Нұрпанова депутаттық фракция мүшелерінің қатысуымен өткен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша кеңеске қатысты.
Кеңес барысында Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.А. Тналинованың, фракция мүшелерінің «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мәселелері туралы баяндамасы тыңдалды.
Кеңес отырысында бағдарламада көзделген негізгі басымдықтар мен нақты көрсеткіштер, олардың орындалу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, жергілікті деңгейде партиялық бақылауды күшейту және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету тетіктері қарастырылды.