Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының XXXII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М.Ш. Такамбаев, Бурабай ауданының әкімі А. С. Садықов, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және күш құрылымдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне сәйкес депутаттарға 2024 жылғы аудандық бюджеттің, Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және Бурабай ауданының ауылдық округтері бюджетінің атқарылуы бойынша есеп ұсынылды. Осы мәселе бойынша Бурабай ауданының әкімі Арай Серікбайұлы Садықов тыңдалды. Сондай - ақ, Тексеру комиссиясының мүшесі - Мұратбек Шамилұлы Тақамбаев және экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы-Талғат Құмарұлы Жапаров сөз сөйледі.
Күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер қаралып, бірауыздан шешімдер қабылданды.