Бурабай аудандық мәслихат төрағасы М.Б. Нұрпанованың жеке қабылдауына Щучинск қаласының Магнитная көшесінің тұрғындары жүгінді. Қабылдау барысында кәріз жүйесіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары барысында қазылған жолды мердігермен қалпына келтіру және көше жарығын орнату мәселелері талқыланды. Бурабай ауданы әкімі А.Садықовтың және Бурабай ауданының құрылыс бөлімі басшысы Б.Молдахановтың, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания өкілінің қатысуымен аталған мәселелер бойынша толық жауаптар беріліп, мердігер жақын арада жолды қалпына келтірілетіні туралы айтты.