Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Тұрақты  комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Е.И. Жукованың төрағалығымен Бурабай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында аудандық мәслихат депутаттары "Бурабай ауданының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы" - "Ақмола облысының ветеринария басқармасы жанындағы Бурабай ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК басшысының міндетін атқарушы М.С.Жаналиннің есебін тыңдады.

Сонымен қатар «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.А.Тналинова, «2024 жылға арналған Бурабай ауданының Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы» Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және ауылдық округтердің әкімдері есеп берді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттарының сұрақтарына тиісті жауаптар берілді. Отырыс соңында аталған мәселелер бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының қаулылары қабылданды.