
Қазақстанда «Оқитын ұлт» атты алғашқы республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау және кітап мәдениетін дамытуға бағытталған ірі ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың сәуір айына дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі тілдік лигада өтеді. Жоба 7 арнайы бағытты қамтиды:
«Оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары үшін;
«Оқитын колледж» — колледж студенттері үшін;
«Оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері үшін;
«Оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары үшін;
«Оқитын әулет» — отбасылық командалар үшін;
«Оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер үшін;
«Оқитын зияткер» — жас ерекшелігі мен қызмет түріне шектеу қойылмайтын барлық азаматтар үшін.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 шығарманың ішінен 15 кітап оқуы тиіс. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлемдік классика және заманауи туындылар енгізілген. Сондай-ақ кітаптарды іріктеу барысында жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар мен әлемдік бестселлерлер, соның ішінде әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары шығармалары да ескерілген.
Негізгі оқу кезеңі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталып, 2027 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде қысқаша пікірлерін жариялайды. 2027 жылдың наурыз-сәуір айларында қорытынды тестілеу және зияткерлік викториналар өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады:
1-орын — 600 000 теңге;
2-орын — 450 000 теңге;
3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның басты мақсаты тек байқау аясымен шектелмейді.
reading-nation.kz цифрлық платформасына өтіп, тіркеліңіз.
Ұсынылған кітаптар тізімімен танысыңыз.
Кітаптарды оқып, тест тапсырыңыз.
Кітап оқыған сайын ой-өрісіңіз өсіп, біліміңіз толығып, көкжиегіңіз кеңейе түседі!
Іске сәт!
Ұлттық электронды кітапхана – kazneb.kz
Серіктестердің цифрлық платформалары – Яндекс Книги және Kitap.kz
Кітапханалар мен кітап дүкендерінен алуға болады.