Меню
Страницы

Полиция күні құтты болсын!

Полиция күні құтты болсын!

Құрметті полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау – аса жауапты әрі абыройлы міндет. Осы маңызды қызметті мінсіз атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің ел тыныштығы мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы рөлі ерекше.

Тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң үстемдігін орнықтыру жолында полиция қызметкерлері күн сайын қажырлы еңбек етіп келеді. Қызметтік борышын адал орындап, халықтың сеніміне ие болу – әрбір тәртіп сақшысының басты мұраты.

Полиция қызметі жоғары кәсібилікті, батылдық пен төзімділікті, табандылық пен жауапкершілікті талап етеді. Қиындығы мен қатері мол қызметте жүрген тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Сондай-ақ ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуына еңбек сіңірген сала ардагерлерінің де еңбегі зор. Олардың тәжірибесі мен өнегелі жолы жас буын қызметкерлер үшін әрдайым үлгі болып қала береді.

Осы мерекелі күні барлық полиция қызметкерлері мен сала ардагерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс пен абырой тілеймін. Ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Бурабай аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                                                                М. Нұрпанова

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері